379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысындағы тікұшақ апатынан қаза тапқан әскерилер марапатталды

  • 216
  • UPD: 16:10, 09.05.2019
Қызылорда облысындағы тікұшақ апатынан қаза тапқан әскерилер марапатталды

ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысының Жарлығымен Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырауы кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер жанқиярлық ерліктері үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қаза болған майор Роман Костыгов, майор Тимур Құдайбердиев, майор Данияр Қоңырбай, майор Сабыр Тоқбаев, капитан Сырым Мәсәлім, лейтенант Аслан Айтбаев, 3-сыныпты сержант Қайрат Нұрсапанов, аға сержант Мұрат Шәріпов, кіші сержант Асхат Әбділманат, ефрейтор Айдын Әбділдинов, ефрейтор Қуаныш Сарқытбаев, ефрейтор Өмірхан Қауқаев, ефрейтор Мирас Жұматаевтар мемлекеттік наградаларға ие болды. Отан қорғаушы және Ұлы Жеңіс күні қарсаңында медальдар қаза болған жауынгерлердің туған-туысқандарына табыс етілді. Әскери қызметшілердің қаза болуы бұл олардың туған-туысқандары үшін ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның бүкіл армиясы үшін орны толмас қайғы-қасірет екенін айта кетейік. Олар ақтық демдері таусылғанша өз әскери борыштарын адал орындады.

Айта кетейік, 27 наурыз күні Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырап, 13 әскери қызметші қаза тапқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы