378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бізді ата-бабаның рухы қолдады – Қостанайлық ардагер

  • 109
  • UPD: 18:03, 09.05.2019

Қостанайда Жеңіс күніне арналған мерекелік шара орталық алаңда басталды. Ол жерде «Батырлар сізге мың алғыс» атты сахналық қойылым көрсетілді.

Одан кейін қалың қауым  ардагер аталарының суреттерін ұстап, жылдағы дәстүрмен жеңіс саябағына дейін жаяу жүріп өтті. Биыл саябақ жаңа кейіпке енген. Жол төсеніштері жаңартылып, оның бойында 41 Кеңес одағының батырлары мен Данқ орденінің толық иегерлерінің  құрметіне бюст ескерткіштер орнатылды. Тек ғана Қостанай облысынан қырғын соғысқа 73 мың 500 адам аттанып, соның жартысынан астамы майдан даласында мерт болған. Жылдан жылға қатары сиреп бара жатқан қарт жауынгерлердің қазір 117-ы ғана ортамызда жүр. Асқақ рухын төмен түсірмей, от пен оқтың арасынан аман өткен ардагерлер үшін әлбетте Жеңіс күнінің қадірі  ерекше!

Қасымхан Алдабергенов, соғыс ардагері:

- Біз әперген жеңіс, біз қанымызбен, жанымызбен өтеген бейбіт өмірді бүгінге дейін жастар жалғастырып келе жатыр. Міне бізді қуантатыны, болашаққа үміт артатын осы бір құдіретті күш өткендердің рухы, ата-бабаларымыздың рухы.

Хабар 24 телеарнасы