389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда Жеңіс күніне арналған мерекелік шаралар кең ауқымда өтті

  • 366
  • UPD: 18:45, 09.05.2019

Кеншілер өңірінде Жеңіс күніне арналған мерекелік шаралар кең ауқымда өтті.

10 мыңға жуық қала тұрғыны «Батырларға тағзым» акциясына белсене қатысты. Мерекелік шара Тағзым алаңында ұйымдастырылған шарамен жалғасты. Мрекелік жиынға келген соғыс ардагерлері ерекше құрметке бөленді. Айта кету керек, қазір облыста 95 соғыс ардагері бар. Жеңіс күніне орай майдангерлердің әрқайсысына 300 мың теңгеден тарту етілді.

Бүркіт Есжанов, соғыс ардагері:

- Жеңіс күні дегенде бір-бірімізді құшақтап, солдаттардың жылағаны ол біріншіден қуаныш, екіншіден жоғалтқан жақындарын еске алды. Керемет болды ол күні, ол нағыз тойдың тойы. Жеңістің арқасында осындай заманға ие болып отырмыз. Оны ардақтау керек.

Хабар 24 телеарнасы