378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жеңіс күні мерекесін алматылықтар ерекше ілтипатпен атап өтті

  • 100
  • UPD: 18:07, 09.05.2019

Таңертеңнен бастап қала тұрғындары 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябаққа жиналып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан сарбаздарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Даңқ мемориалына келген халықта есеп жоқ. Мәңгілік алау әп-сәтте-ақ, құшақ-құшақ гүлге толды. Соғыс басталғанда Қазақстанның әр бесінші тұрғыны майданға алынды. Жеңіске бұғанасы бекімеген жасөспірімдер мен елде қалған қариялар, әйелдер де өлшеусіз үлес қосты. Мысалы, қазақстандықтар соғыс жылдарында майданға 6 миллион тонна астық, 700 мың тонна ет жіберген.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

- Ұлы Жеңіс бізге осындай ауыр шығынмен, орны толмас құрбандықтармен келді. Сондықтан да тұтас ұлттың жанкештілігін талап еткен бұл қастерлі күн ұрпақтар жадында мәңгі сақталмақ.  

Өкінішке орай, соғыс ардагерлерінің қатары жыл санап сиреп  барады. Қазір Алматыда Ұлы Отан соғысының 268 ардагері өмір сүруде. Қала әкімінің айтуынша, барлық ардагерлер баспанамен қамтамасыз етіліп келеді. Оларға шипажай, жеңілдетілген дәрі секілді басқа да әлеуметтік көмектер қарастырылған.

Жаңбыр Керімқұлов, соғыс ардагері:

- 95-ке келдім. Жағдайым жақсы. Денсаулығым әзір дұрыс.  Мен соғыстым Юго-Западный фронт. Содан кейін Днепрге барған соң переименовать етті. Үшінші Украинский фронт. Сол үшінші Украинский фронттан қайттым.

Рүстем Хайдаров, Қазақстан генералдар кеңесінің төрағасы:

- Біздің бүгінгі бақытты заманымызға осы ата, әкелеріміздің еңбегі. Сондықтан сол кісілерді еске алып жүруіміз керек. Отанымызды қорғай білейік. Сыртымыз жаудан, ішіміз даудан аман болсын! Осы Жеңіс күнімен барлық қазақстандықтарды құттықтаймын.

Хабар 24 телеарнасы