378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Жеңіс мерекесіне арналған автошеру өтті

  • 107
  • UPD: 20:03, 09.05.2019

Елордалық автосүйер қауым жеңістің 74 жылдығына орай автошеру ұйымдастырды.

Шараға 100-ден аса теміртұлпар иесі ат салысып, Ұлы Отан соғысында қан төккен майдангерлердің рухына тәу етті. Қаланың басты көшелерімен жүріп өткен керуен көшінен жастарды да көруге болады. Олар 1941-45 жылдары ұрыс даласында жанкештілік көрсеткен ата-әжелерінің фотосуретін бүкіл нұрсұлтандықтардың назарына ұсынуды, сол арқылы батырлар ерлігін дәріптеуді көздеген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шерулер дәстүрлі түрде өткізілетін болады. 

Шасалим Шагалимов, автоклубтар альянсының төрағасы:

- Акцияның мақсаты - ардагерлерімізді еске алу. Әлемде соғыс болмасын. Балаларымыз бейбіт күннің қадірін білсе дейміз. Акцияға жастар да қатысып жатыр. Қазір біздің альянсымызда 25 автоклуб бар. Олардың барлығы акцияны қолдап келеді.

Хабар 24 телеарнасы