379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ташкентте Жеңіс күні атап өтілді

  • 110
  • UPD: 21:46, 09.05.2019

Өзбекстандықтар да жеңістің 74-көктемін жоғары деңгейде атап өтті. Ташкентте ұйымдастырылған меркелік шара сұрапыл соғыс жылдары жауға қарсы тойтарыс берген әскери техника көрмесімен басталды.

Саябақтар мен қала көшелерінде де түрлі әскери-патриоттық концерттер өтті. Әсіресе қаланың қақ ортасындағы мұз сарай жанында ұйымдастырылған көрініс ерекше болды. Өзбекстан әскери академиясы мен Ташкент ақпараттық институтының шәкірттері көпшілікке қарулы күштерінің бүгінгі жетістігін паш етті. Қоян-қолтық ұрыстар мен әскери дайындық қимылдарын көрсетті. Ал оркестр соғыс жылдары шырқалған әндерді орындады. Жалпы Өзбекстаннан қан майданға 1,5 миллионға жуық азамат аттанса соның 500 мыңдайы жат жерде опат болған.

Наталья Летуновская, Ресей азаматшасы:

-Мен Қазақстанда дүниеге келдім. Көп жылдар Ташкентте тұрдым. Қазір Ресейде өмір сүріп жатырмын. Бұл мерекені осы жерде қарсы алу үшін  арнайы Ташкентке келдік. 1941 жылы менің атам Отан қорғауға Ташкенттен шақырылған еді. Өкінішке орай ол қайтыс болды. Біз жеңіс күнін әрдайым атамыз әскерге шақырылған елде қарсы аламыз. Ол осы жерден алыс Ресейдің шекарасына қорғау үшін аттанды. Барлық туыстарға Қазақстан мен Өзбекстандықтарға, қазір тұрып жатқан Ресей жерінде әрдайым бейбітшілік болсын, деп тілеймін.

Холида Дианбаева, Ташкент қаласының тұрғыны:

 -Еске алу және тағзым» күніне орай үлкен мейрам болып жатыр. Ата-бабаларымыз майданға аттанып, елін қорғады. Халықтың батырларға деген құрметі де ерекще. Жұрт іргесі тыныш болсын, еліміз өркендеп өсе берсін. Көрші елдермен арадағы шекарамыз ашық, барыс-келісіміз жақсара түсті.

Хабар 24 телеарнасы