378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылықтар «Батырларға тағзым» шеруіне қатысты

  • 82
  • UPD: 19:07, 09.05.2019
Алматылықтар «Батырларға тағзым» шеруіне қатысты

Алматылықтар да бейбіт өмір үшін жанын пида еткен майдангерлерді еске алу үшін «Батырларға тағзым» шеруіне шықты.

Салтанатты түрде, әскери оркестрдің сүйемелдеуімен басталған шараға жүз мыңнан астам  қала тұрғыны мен қонақтары қатысты. «Астана» алаңынан басталған «Батырларға тағзым» шеруіне қатысушылар  шамамен 4 шақырымдай жол жүріп, 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағына келіп тоқтады. Екінші дүниежүзілік соғыста ерлікпен қаза тауып, ұрыс алаңында батылдық көрсеткен әрбір жауынгерді құрметпен еске алу мақсатында  «Мәңгілік алауға» гүл шоқтары қойылды.

Темір Арғынбаев, қала тұрғыны:

- Бұл кісі менің әкем, Жақұпханов Арғынбай, 1924 жылы туған. Соғысқа қатысқан. Развед ротада болған кісі. Бүгін міне кішкентай шөбересін алып, алаңға  шығып тұрмыз, еске алу күні бүгін. Бүгін үлкен мейрамдардың бірі. Сондықтан бұл кісілердің  атын өшірмеуіміз керек.

Ермахан Ибраимов, олимпиада чемпионы:

- Негізі бұл мейрам мен үшін өте қасиетті мейрам. Неге десеңіз менің атам Оразымбет фамилиясы, Ибраим аты соғысқа қатысып 1896 жылы туған, 1944 жылы Белоруссияны азат еткенде қайтыс болған. Сондықтан да бұл мейрам мен үшін өте қасиетті. Біздің аталарымыз, ата-бабаларымыз нағыз  батыр болған. Енді  біздің ұрпақтарымыз сол  батырлыққа бас иіп, құрметтеп, соны қастерлеу керек.

Хабар 24 телеарнасы