379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстаулық майдангерге жаңа пәтер кілті табысталды

  • 176
  • UPD: 22:33, 09.05.2019

Ақтауда Ұлы Жеңіс күнінде маңғыстаулық майдангер Ибрахим Мәмбетұлына аймақ әкімі Ералы Тоғжанов жаңа пәтердің кілтін тапсырды.

Бұл көпқабатты үй жуырда ғана қолданысқа берілген еді. Соғыс ардагері осыған дейін Түпқараған ауданына қарайтын Таушық ауылында тұрды. Өз еркімен 1942 жылы соғысқа аттанып, қалмақ даласы мен Сталинград түбіндегі шайқастарға қатысқан. Ұрыста көрсеткен ерлігі үшін бірнеше медальмен марапатталған. Елге оралған соң көлік жүргізушісі болып ұзақ жылдар қызмет етті. Бүгінде 95 жасқа толған қария мерекеде жасалған тосын сыйға дән риза болып, алғысын жаудырды.  

- Еліміздден той-мереке арылмасын, қуаныш бастарыннан аумасын.

- Әумин ата!

Назым Ибрахимқызы, қала тұрғыны:

- Ағасымен екеуі бірге аттанып еді. Бірақ ағасы оралған жоқ. Сол ағасының үш баласын, өзінің анасын бақты. Екі інісі болды шешеміздің, солардың барлығын осы папам бағып-қағып, осындай дәрежеге жеттік. Біз аш-жалаңаш болғанымыз жоқ осы кісімен арқасында.

Хабар 24 телеарнасы