378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сұм соғысқа Ақмола облысынан 90 мыңға жуық адам аттанған

  • 98
  • UPD: 22:56, 09.05.2019

Олардың жартысынан астамы елге қайта оралмады. Аман-есен келгендердің де саны азайып барады.

Мәселен, былтыр аймақта Жеңіс күнін 81 ардагер тойласа, биыл өңірде көзі тірі 50 майденгер ғана қалып отыр. Ал, Көкшетаудағы орталық алаңға мерекелік шараны тамашалауға олардың бес-алтауы ғана жиналды. Абылайхан алаңында майдангерлерге соғыс жылдарынан сыр шертетін театрландырылған қойылымдар көрсетілсе, «Мәңгілік алау» мемориалды кешенінде қан майданда қаза тапқан жауынгерлерді еске алу шарасы өтті. Айта кетейік, биыл Ақмола облысында соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 500 мың теңгеден қаржы берілді. 

Казимир Беймарт, соғыс ардагері:

- Барша қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтаймын. Дендеріңіз сау болсын! Енді ондай соғыс ешқашан болмасын. Бәріміз бейбіт күнде аман-есен өмір сүре берейік.

Бекболат Сәдуақасов, тыл ардагері:

- Жеңіс үшін, Отан үшін, амандық үшін халық үшін еңбек еттік. Сонан бері міне, 91 жасқа келіп отырмын. 91 жасқа. Ел аман болсын, жұрт тыныш болсын. Бірлік болсын, тірлік болсын. Халықтың ынтымағы мықты болсын!

Хабар 24 телеарнасы