378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таңертең үрейсіз оянғанның өзі бір бақыт – Соғыс ардагері

  • 190
  • UPD: 23:39, 09.05.2019

Ал ел басына күн туғанда 90 мыңдай солтүстікқазақстандық қан майданға аттанды. Соның тең жартысы елге оралған жоқ.

Аймақ жұрты марқұм жауынгерлерді еске алды. Аймақ басшысы болса көзі тірі ардагерлерді құттықтап, оларға құрмет көрсетті.

Это вот мой танк Т-34, родной, танкисты мы были. 

Николай Дёмин 39-танк бригадасының жауынгері. Ол қан майданға 17 жасында аттанып, мыңдаған шақырымды жүріп өтті. Ардагер сол бір зұлмат жылдарды еске алғысы келмейді. 

Николай Дёмин, соғыс ардагері:

- Бейбітшілікті сақтсаңыздар. Бұл адамзат үшін ең қымбат ұғым. Атыс жоқ. Таңертең үрейсіз оянғанның өзі бір бақыт.

Сұлтан Мұхамеджанов Берлинді жаулап, Гитлердің кабинетіне кірген жауынгерлердің бірі. Жаяу әскер сарбазы сұрапыл соғыста 4 рет оққы ұшып, жарақат алды. Сталинград шайқасына қатысты.

Сұлтан Мұхамеджанов, соғыc ардагері:

- Каскага азырақ су құйып, сонымен тамақтанамыз. Тамақ жеткізу қиынырақ болды. Ал қазіргі телефондары мынау құлаққа тыңдайтын, онда сым телефон. Үзіліп қалса, ешқандай хабар жоқ ештеңе. 

Соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен облыс әкімі Құмар Ақсақалов құттықтап, құрмет көрсетті. Сұлтан Мұхамеджанов 96-да. Ғасыр жасаған ардагердің тілегі бір. Ол елдің тыныштығы.  

Ер есімі ел есінде. Петропавлдықтар дәстүр бойынша даңқ ескерткішіне гүл қойып, қан майданда қаза тапқан боздақтарды еске алды.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы