378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендіктер майданда қаза тапқан бабалар рухына тағзым етті

  • 91
  • UPD: 22:57, 09.05.2019

Өскеменде Жеңіс күні мерекесінде ең алдымен  қан майданда қаза тапқан бабалар рухына құрмет көрсетілді.

Тұрғындар «Батырларға тағзым» акциясына қатысып, Ертіс жағалауынан  Даңқ мемориалына дейін жүріп өтті. 

Эльмира Ахметова, тілші:

- Жеңістің 74 жылдық мерейтойын шығысқазақстандықтар үлкен толқыныспен қарсы алды.Өкінішке орай Жеңіс күні мерекесінің басты кейіпкерлері қатары арамыздан жыл санап азайып келеді.Өткен жылы бұл мейрамды облыста 240 ардагер қарсы алса, бүгін оған тек 179 майдангер куа болды.

Жалпы Шығыс Қазақстаннан сұрапыл майдан даласына 180 мың азамат аттанса, соның 83 мыңы оралмаған екен. Сол боздақтарды еске алып, рухына құрмет көрсету,бүгінгі өткен «Батырларға тағзым» акициясының негізгі мақсаты.Бұл шараға 25 мыңнан астам адам қатысты.Бүгінгі ұрпақ бейбіт заманды өздерне аманат еткен ата-бабалар алдында  мәңгілік бас иеді.

Азамат Ыдырышов, қала тұрғыны:

- Атамды еске алу үшін міне атамның медальдарінің  бәрін ұлыма тағып шықтым, міне «За отвагу», міне «За взятие Берлина», міне «Орден Славы». Үнемі ертіп жүремін мұндай жерге, атам секілді болсын деп.

 «Батырларға тағзым» акциясынан соң жұрт бірден мәңгілік алау басына келіп гүл шоқтарын қойды.Көзі тірі соғыс ардагерлеріне арналған концерттік бағдарламалар да осы жерде өтті. Акциядан өзге  әскери техникалар көрмесі ұйымдастырылды.Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан бұл техниканы әсіресе жас ұрпақ ерекше ықыласпен тамашалады.Сонымен қатар жиналғандар әйгілі солдат ботқасынан дәм татуға да мүмкіндік алды.

Шабан Сәрсенбаева, тыл ардагері:

- Жалаң аяқ,жалаң бас, өгізге отырып, жаяу жүріп егін ордық, бау байлап, сиыр саудық, скотник болдық,шөп үйдік. Балаларым ел аман дүние тыныш болсын,жастарым аман болсын,жамандық көрмесін. 

Эльмира Ахметова, тілші:

- Осы жерде жиналған қара құрым жұрт мына бір тақтаған бұрылмай кетпеді. Бұл жерде бүгінгі ұрпақтың соғыс ардагерлеріне деген тілектерін жазып қалдыруға мүмкіндік берілген. Көріп тұрғандарыңыздай мінеки тіпті бос орын жоқ,дегенмен біз де өз ниетімізді білдіріейік, ардагерлерге мың тағзым.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы