379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысынан 32 адам Кеңес Одағының Батыры атанған

  • 99
  • UPD: 22:59, 09.05.2019

Барша қазақстандықтар секілді Павлодар халқы да Ұлы Жеңіс  күнін атап өтті. 

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- Тарихтан ойып тұрып орын алған сол зұлмат жылдар  келмеске кетті. Алайда мына мәрмәр қабырғаға ілінген есімдер оны мәңгілік  еске салып тұрғандай. Оларды оқып шығуға уақыт жетпейді. Павлодар облысынан соғысқа аттанған  46 мың адамның 23 мыңы қайтып оралмаған.  Бүгінгі өтіп жатқан шаралардың барлығы сол боздақтардың рухына арналады. Жалпы Павлодар облысынан 32 Кеңес Одағының батыры, 8 Даңқ Орденінің Кавалері шыққан.

Сембай Темешов,  соғыс  ардагері:

-  Мереке құтты болсын. Қайырлы болсын. Біз жеңдік қой енді. Қызығын жастар көрсін.

Қазиз Әміренов, соғыс  ардагері:

- В Берлине был я в день победы. Встречал самом Берлина 21 артилериский зенитный полк.

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- «Батырларға тағзым» акциясына қатысушылар жыл санап артып келеді. Қала тұрғындары өздерінің аталары, әкелері, туыстарының портреттерін алып орталық алаңға 9 мамыр, Жеңіс күні жиналады.

Мұрат Адаханов, қала тұрғыны:

- Бер жағындағы менің әкем Адаханов Шаймұрат,  әкемнің інісі. Екеуі де Ұлы Отан соғысына қатысқан. Әкем жеңісті Вена қаласында қарсы алды. Австрияның астанасы. Інісі мына Украина жақта қаза болды.

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- Ал орталық алаңға жиналған мыңдаған қала тұрғындарының назарына театрландырылғанкөріністер ұсынылды. Онда соғыстың басталған сәтінен бастап жеңіске дейінгі кезеңдер қамтылған. 

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- 9 мамыр мерекесін дәстүрді сарбаз ботқасынсыз елестету мүмкін емес. Майдангерлерімізге күш-қуат берген сол дәмді тату үшін қала халқы кезекке тұрды. 

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- Ертіс өңіріндегі Әскери Даңқ музейі  2011 жылдың 7 мамырында ашылды. Оның ауласына аты аңызға айналған әскери техникалар, соғыс қарулары қойылған. Бұл жерден Ленинград қоршауы, Мәскеу түбіндегі шайқас, Сталинград шайқасына қатысқан жауынгерлердің тарихын баяндайтын мәліметтерді алуға болады. Тағы бір тарихи мәліметке тоқталатын болсақ 1926 жылы осы жерде теміржолшылардың балаларына арналған интернат болған екен. Кейін ол 108  мектеп болып өзгертілген. Сол мектептің соғысқа қатысқан балалары үшін мемориалды ескерт кіш орнатылыпты. Сол сияқты бұл жерге жақын маңда темір жол вокзалы орналасқан. Павлодар майданға аттанған және ұрыс даласына 104 вагон азық-түлік пен киім кешек жөнелтілген екен.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы