378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Майдандағы он оқтың жетеуі Шымкент қорғасын зауытында құйылған

  • 118
  • UPD: 23:09, 09.05.2019

Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстандық тыл еңбеккерлері де жеңісті жақындатуға орасан үлес қосты. Елдегі іргелі зауыт-фабрикалардың бәрі де жеңіс туының желбіреуі үшін бар күш-жігерін салды.

Майдан даласында жауға атылған әрбір он оқтың тоғызы Қазақстанда өндірілген қорғасыннан құйылды. Әсіресе Шымкенттегі қорғасын зауытының стратегиялық маңыздылығы жоғары болды. Зауытта дайындалған өнімдер  вагондармен жан-жаққа тасымалданды. Соғыс жылдары Шымкент қорғасын зауытында негізінен Калашников автоматы мен «Русская винтовка» қаруына оқ дайындалды. Сондай-ақ зеңбірек оқтары мен танктің қосалқы бөлшектері де шығарылды. Зауытқа қажетті қорытпалар Бәйдібектегі Байжансай мен Кентаудағы Ащысай, Мырғалымсай кеніштерінен жеткізілген. Ал қазір қорғасын зауытының орны мен қабырғаларының қаңқалары қалған. Жалпы онда соғыс кезінде 3 мыңға жуық қызметкер жұмыс істеді. 

Татьяна Руяткина,  қала тұрғыны:

- Неміс басқыншыларының бұл қорғасын зауытты бомбалап жермен жексен ету туралы жоспарлары болған. Себебі сол жылдарда өндіріс орнының майдан даласына деген ықпалы басым болатын. Небір атақты ғалымдар мен технологтар осында еңбек етті.  Соғыс жылдарында қорғасын зауыты туралы ақпараттар өте құпия ұсталды. Күзет қызметі өте сақ болатын. Сондай темірдей тәртіптің арқасында жоспарланған жұмыстар жоғары деңгейде атқарылып, Ұлы Жеңіс күнінің жақындауына үлкен септігін тигізді.

Тұрдалы Усманов, тыл ардагері:

- 1945 жылы қорғасын зауытына жұмысқа келдім. Бала күнімізден сонда жұмыс істетті. Істеген жұмысымыз тақтайлардан жәшік құрастыратын тұғынбыз. Оны оқ дәрі тасуға пайдаланатын. 31 жыл осы зауытта еңбек еттім. Өкінбеймін. Келер ұрпаққа тілейтінім, біз көргенді көрмесін. Соғыс болмасын.

Хабар 24 телеарнасы