378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында 41 ҰОС ардагері қалған

  • 84
  • UPD: 15:40, 10.05.2019

Ақтөбе облысында ІІ дүниежүзілік соғыстан аман қайтқан майдангерлер қатары сиреді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір 41 ардагерді елі құрмет тұтады. Ал 9 мамыр мерекесі қарсаңында оларға 300 мың теңгеден бір реттік көмек берілді. Отан үшін от кешкендерге ел ықыласы ерекше.

Өтеш Жалмағамбет – сұрапыл соғыста болған жауынгерлердің бірі. 18 жасында майданға аттанып, байланысшы болған ол Украина, Молдова, Румыния және Польша жерлерін жаудан азат етуге қатысқан. Ұрыс алаңындағы зұлмат күндер 95 жасқа келген қарияның әлі есінде. Әсіресе Курск түбіндегі қилы кезең жадынды мәңгі сақталған. Ондаған медаль және ордендердің иегері Ұлы Жеңіс күні – 9 мамырды Германияда қарсы алыпты. 

Өтеш Жалмағамбет, соғыс ардагері:

- Қуанғанымыздан адам жылап та жібереді екен. Аман қалдық, елге қайтатын болдық деп. Жыл жарым бұзақылармен соғыстым соғыстан кейін. Украинада. Елге 1947 жылы оралдым.

Жалпы, ІІ дүниежүзілік соғысқа Ақтөбе облысынан 122 мыңнан аса адам аттанған. Оның 36 192 қайта оралмады. Ерен ерлік көрсеткен 35 адам Кеңес Одағының батыры атанса, Ақтөбеде жасақталған 312 атқыштар дивизиясы мен 101 ұлттық атқыштар бригадасы Мәскеу түбінде шайқасты. Бүгінде өңір бойынша қан майданнан аман қайтқан 27 ардагер мен түрлі топтағы 14 мүгедек бар.

Мақпал Тұрмағамбетова, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:

- Ақтөбе қаласының аумағында соғысқа қатысқан бар-жоғы 35 ардагер қалды. Біз барынша сол азаматтарға қолдау көрсетуді жыл бойы тоқтатпаймыз. Қазіргі таңда қалалық мәслихаттың шешімімен біздің Отан соғысына қатысқан азаматтардың барлығына 300 мың тг аудардық. Бұдан бөлек ҰОС қатысқандардың жесірлері бар, қазір олар 236 адам қалды. Оларға да осы 9 мамыр алдында 35 мың қаржы төленіп отыр. Теңестірілген азаматтарға 60 мыңнан төлеудіге кірістік.

Жыл өткен сайын отты жылдарды көзімен көрген ардагерлер азайып барады.

Авторлары: Әнуарбек Мырзатайұлы, Айнадин Молдабеков

Хабар 24 телеарнасы