378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда Отан қорғаушылар ардагерлерге құрмет көрсетті

  • 77
  • UPD: 15:40, 10.05.2019

Батыс Қазақстан облысында 83 Ұлы Отан соғысының және 5 мыңнан астам тыл ардагері бар, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Орал қорғаныс істері жөніндегі басқармасы мен «Батыс» аймақтық қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінің қызметкерлері ардагерлердің ерлік істерін еске алып, төл әскеріміздің тәуелсіздік жылдарындағы табыстарын паш етті.  

Майдангер Меңжан Әбдірахмановтың жасы 92-де. Ол сұрапыл соғысқа 1943 жылы шақырылыпты. Небары 17 жасында соғысқа аттанған ол  7 жыл бойы отан қорғаушылар сапында болып, үш бірдей майданды көзімен көрген. 1945 жылы қызыл алаңда сап түзеп, Жеңіс шеруінің куәсі болған майдангер әлі тың. Тәуелсіз ел әскерінің бүгінгі табыстарына да қызыға көз тастайды.       

Отан үшін отқа түссе күймейтінін майдангер буын дәлелдеді. Әскерге енді баратын жастар «олардың ерлік жолы бізге үлгі», – дейді.  

Әлімжан Әкімжанов, колледж студенті:

- Біз оларды мақтан тұтамыз, Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова – бәрін құрмет тұтатыз. Өзім әскерге барғым келеді, теңіз қарулы күштеріне барғым келеді.  

Ақжайық өңірінде қазір Жеңіс күнін жақындатуға себепкер болған 5 мыңдай тыл ардагері бар. «Олардың жанқиярлық еңбегі ешқашан ұмытылмайды», – дейді әскерилер.  

Қуат Ахметқалиев, Орал қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бөлімше бастығы:

- Соғыстан өткен аталарымызға мың тағзым айтамыз. Солардың арқасында біз қазір бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Солардың арқасында біздің аспанымыз ашық, туымыз желбіреп жатыр. Сол ардагерлерімізге денсаулық тілейміз.

Бұл күні шараға жиылған барша жұрт сарбаз ботқасынан дәм татты. Көпшілік соғыс жылдарындағы әнерді тыңдап, бейбіт күн сардарларының өнеріне тәнті болды.   

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Руслан Газезов, Канат Махмутов

Хабар 24 телеарнасы