378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда Жеңіс саябағы жаңа кейіпке енді

  • 73
  • UPD: 15:40, 10.05.2019
Қостанайда Жеңіс саябағы жаңа кейіпке енді

Қостанайлықтар 9 мамыр мерекесін жаңартылған Жеңіс саябағында атап өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл саябақтың 5 мың шаршы метр жаяу жолы ауыстырылып,  тастөсеніштер, жиектастар орнатылды. Кіреберісі де безендірілді. Сондай-ақ осында Кеңес Одағының батырлары, «Даңқ» ордені иегерлерінің 41 бюст ескерткіші пайда болды. Мүсіндердің биіктігі 1,5 метрге жетеді. 

Алмас Әбілдин, қала әкімінің баспасөз хатшысы:

- Мүсіндер қоладан жасалған және граниттен орнатылған. Бюстегі жазбалар латын қарпінде қазақ тілінде жазылған. Мердігердің уақытында бастап, уақытында аяқтағанына байланысты Жеңіс күніне арналған іс-шарамызды уақытында жасау құрметіне ие болып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы