378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде 200 келідей солдат ботқасы дайындалды

  • 82
  • UPD: 15:40, 10.05.2019
Семейде 200 келідей солдат ботқасы дайындалды

Семейліктер де дәстүрлі түрде Жеңіс саябағына жиналып, «Батырларға тағзым» акциясына қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар өздерінің қан майданда от кешкен ата-бабаларының суреттерін ұстап, ерліктерін елге әңгімеледі. Шеруге қатысушылар мұнан кейін Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, батырлар рухына тағзым етті. Ардагерлерді қала басшылығы мен қоғамдық ұйымдар құттықтап, жас ұрпақты бейбіт күннің қадірін білуге шақырды. Мерекеге орай 200 келідей солдат ботқасы дайындалыпты. Дастарханнан дәм татқан қарияларға әскери тақырыптағы ән мен жырдан концерт ұсынылды. Бүгінде Семейде 39 соғыс ардагері мен 3 мыңға жуық тыл ардагері тұрып жатыр.

Ахметкәрім Ахмадиев, соғыс ардагері:

- Біз Қазақстанның фундаменталды істерін қаладық. Ендігі жастар соны шайқалтпай алға апаратынына сенеміз. Дендерің сау болып, еңбектерің жемісті болсын! Әрқашан Қазақстанымыз өркендей берсін! Үлкендердің батасын алсаңдар, кішіпейіл болсаңдар, Құдай береді, көп жасайсыңдар.

Хабар 24 телеарнасы