389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда мерекелік автошеру ұйымдастырылды

  • 296
  • UPD: 15:39, 10.05.2019
Петропавлда мерекелік автошеру ұйымдастырылды

Петропавлдықтар да майдан даласында шейіт болған боздақтардың ерлігіне тағзым етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала тұрғындары «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойып, қаза тапқан жауынгер жерлестерін бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Өңірде Жеңістің 74-інші көктемін 82 ардагер қарсы алды. Салтанатты шараға қатысқан қарт майдангерлерге дүйім ел тік тұрып қошемет көрсетіп, алғыс айтты. Ал сұм соғыста қаза тапқан, із-түзсіз жоғалған жауынгерлерді ұрпақтары ұлықтады. Сонымен қатар мерекеге орай автошеру ұйымдастырылды. Оған 100-ден астам жүргізуші қатысты.

Ерден Қожахметов, қала тұрғыны:
- Осындай бейбіт өмірде өмір сүріп жатқанымыз ата-бабаларымыздың арқасы. Менің өp атам да тыл еңбеккері болған. Жастайынан еңбек еткен. Соғыста жүрген азаматтарға азық-түлік жіберіп отырған деп айтсақ болады. Оны жас ұрпақ өнеге, үлгі ретінде білуі қажет деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы