378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жетісулық тыл ардагері: Егілген әрбір дән фашистерге оқ болып тисін деп еңбек еттік

  • 85
  • UPD: 15:39, 10.05.2019

Жазиралы Жаркент өңірінен екінші дүниежүзілік соғысқа 9 мыңнан аса адам аттанған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Солардың 3400-ден астамы майдан даласынан оралған жоқ. Бүгінгі Жеңістің 74 жылдығына арналған салтанатты шара барысында ұрыс даласында қаза тапқан сарбаздардың рухына тағзым етілді. Сұрапыл жылдардан сахналанған көрініс көрсетіліп, сол кездегі әндер шырқалды. Отан үшін от кешкен жауынгерлердің ұрпақтары да мерекеге белсене қатысты. Тәуелсіз елдің ұландары орталық алаңға батыр бабаларының суретімен шығып, ерліктің еш ұмыт болмайтынын көрсетті. Жаумен арпалысқан соғыс жылдарында Жаркентке Воронеж қаласындағы жетімдер үйі көшірілген. Сонымен қатар ауыл шаруашылықты аймақ Отан қорғаушыларды азық-түлік, керек-жарақпен қамтамасыз етуге де өз үлесін қосқаны белгілі.

Молдамырза Жарылғапов, тыл ардагері:

- Колхоздың бар тіршілігі, әр дәні фашистерге оқ боп тисін деп еңбек еттік. Бүгінгі жастар бақытты заманда өмір сүріп жатыр. Жастарға тілерім еңбекқор болсын, Отанымызды қорғайық, ұлтымызды сақтайық, тілімізді, дінімізді орнында ұстап, мемлекетімізді баянды етейік. 

Мүслим Әлиев, оқушы:

- Менің атам – Мырзахунов Мұса, менің атам Украина, Беларусь майданында соғысқан. Мен атамды мақтан тұтамын.

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы