389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысынан 73 мыңнан астам жауынгер соғысқа аттанған

  • 554
  • UPD: 15:38, 10.05.2019

Мұнайлы өлке Атырау облысының тұрғындары да ардагерлерге құрмет көрсетуден сырт қалмады, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Жұртшылық «Жеңіс» саябағындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, шейіт болған жауынгерлерді еске алды.

Жеңіс мерекесін атыраулықтар майдан даласында шейіт болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, батырлардың рухына бас иді. Ардагерлерді аялау – бүгінгі ұрпақтың қасиетті парызы. Ескерткіштерге шоқтарын қойып жатқан көпшіліктің де ниеті – ардагерлерге тағзым ету. 

Жансұлу Сатанова, қала тұрғыны:

- Мен бүгін атам Сатанов Қозыбағарды еске алу үшін және де басқа Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан ардагерлерді, жауынгерлерді еске алу үшін келдім. Ол кісілер осы біздің жақсы өмір сүріп, бейбітшілікте өмір сүруіміз үшін жанын қиды.

Сол бір сұрапыл заманда бір ғана Атырау облысынан 73 мыңнан астам жауынгер соғысқа аттанған екен. Олардың 13 мыңы сол майдан даласынан оралған жоқ. Бүгінгі ұрпақ сол аталарының есімі мен ерлігін ешқашан ұмытпақ емес.

Захар Солодовников, 2 сынып оқушысы: 

- Менің атам Захар соғыста қаза болған. Мен ол кісіні көре алмағаныммен, үнемі құрметпен қараймын. Бүгін бүкіл отбасымызбен келіп осы саябақтағы Мәңгілік алау мен  ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойдық. Өскенде мен де ел қорғайтын батыр боламын.  

Елге аман-есен оралған жауынгерлерден Жеңістің 74 жылдығын көзбен көру бақыты 15 ардагерға ғана бұйырыпты.   Сонымен қатар 2 мыңдай ғана тыл ардагері және бір мыңға жуық майдангерлерге теңестірілген жан бар. Олардың барлығына да тұрақты әлеуметтік, материалдық көмек жасалады. Мәселен, биыл ардагерлерге 300, тыл және ауған соғысының ардагерлеріне 100 мың теңгеден көмек көрсетілді. Бұл мақсатта биыл облыстық бюджеттен 80 миллион теңге қаржы бөлінді.   

Авторлары: Бекен Әлирахым, Амантай Мәтенов

Хабар 24 телеарнасы