378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Берлин тұрғындары ҰОС кезінде қаза болғандарға тағзым етті

  • 99
  • UPD: 15:38, 10.05.2019

Тиргартен саябағында халық Кеңес Одағы жауынгерлері мемориалына гүл шоқтарын қойған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараға Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Ресей мен өзге де мемлекеттердің елшілері қатысқан. Сондай-ақ батырларға құрмет білдіру үшін қала тұрғындары мен Берлинде тұратын отандастарымыз келді. Бұл мемориал Берлин үшін шайқаста қаза болғандардың құрметіне 1945 жылы салынған. Осы зиратта жерленген 2 мыңнан аса адамдардың арасында қазақстандықтар да бар. Кеңес Одағы жауынгерінің ескерткіші тұрған Трептов саябағынан да жұрт гүлдер әкеліп жүр.

Кристиан Гроссе, Берлин қаласының тұрғыны:

- Бұл күн жеке өз басыма және бүкіл неміс халқына өте маңызды болғандықтан келдім. Бұл – Германияны фашизмнен азат еткен күн. Осының арқасында бостандық пен бейбітшілікте өмір сүрудеміз. Сол себептен соғыс біткен күннің Еуропа мен бүкіл әлем үшін маңызы зор деп санаймын.

Хабар 24 телеарнасы