378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алакөлде инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғаспақ

  • 80
  • UPD: 15:36, 10.05.2019
Алакөлде инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғаспақ

Биыл Алакөлдің Алматы облысына қарасты аймағында инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни жыл сайын келетін туристердің артуына байланысты Үшарал әуежайының ұшып-қону алаңы күрделі жөндеуден өтеді. Нәтижесінде аэропорт үлкен ұшақтарды емін-еркін қабылдайтын болады. Сонымен қатар көл жағалауының 18 шақырымы бекітіледі. Ақши ауылында ауыз су құбыры мен кәріз жүйелері тартылып, арнайы тазарту станциясы салынбақ. Жобаларды жүзеге асыру үшін 20 млрд теңге қарастырылып отыр.  

Азамат Бейсбаев, облыстық энергетика және түкш басқармасының бөлім басшысы:

- Қазіргі таңда туризмді дамыту бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр. Ақши ауылын ауыз сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін салу. Сумен жабдықтау бойынша жоба әзірленді, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынды. Кәріз жүйелері мемлекеттік сараптама қарауында жатыр. Алдын ала министрлікке ұсыныс берілді. Жоба қолдау тапқанда іске асырылады.

Хабар 24 телеарнасы