378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраудағы жәрмеңкеде 30-дан астам шаруа қожалығы өз өнімдерін ұсынды

  • 115
  • UPD: 15:35, 10.05.2019
Атыраудағы жәрмеңкеде 30-дан астам шаруа қожалығы өз өнімдерін ұсынды

Атырауда Жеңіс мерекесі құрметіне азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл күндері коммуналдық базарда отыздан астам шаруа қожалығы өздері өсірген көкөністер мен өзге де өнімдерді арзан бағамен саудаға шығарды. Аталған сауда орталығында жергілікті тауар өндірушілерге жеңілдік жасалып, өз өнімдерін тұтынушыларға делдалсыз ұсынуға мүмкіндік беріледі. Соған сәйкес баға да арзан. Мәселен, жәрмеңке кезінде сиыр еті 1600, жылқы еті 1700, жұмыртқа 23 теңгеден сатылды. Ал картоп 100, сәбіз бен пияз 90 теңге және қызанақ пен қияр 400 теңгеден саудаға шығарылды. Төмен бағадағы, сапалы әрі табиғи таза өнім көпшіліктің көңілінен шықты. 

Қадырғали Тұрғанов, коммуналдық базар директоры:

- Өзіміздің жергілікті кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары өнімдерін халыққа ұсынуда. Атап айтсақ, көкөністер, ет және ет өнімідері, шұжықтар, жұмыртқа өнімдері шығарылуда. Осы екі күнде халықтың ойынан шығамыз деп осындай жәрмеңкелер ұйымдастырып жатырмыз. Өз нәтижесін көрсетуде. Мұндағы жәрмеңкелерде өнімдердің бағасы басқа базарларға қарағанда 10-15 пайыз төмен. Халыққа қолжетімді бағамен өткізіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы