378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда масалармен күрес басталды

  • 148
  • UPD: 15:33, 10.05.2019
Нұр-Сұлтанда масалармен күрес басталды

Есіл ауданында кешкі және түнгі уақыттарда жәндіктерді зарарсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл үрдіс 6 кезеңмен жүзеге асады. Қамту аумағы 7 мың шақырым. Қазір Шыңғыс Айтматов көшесі, Есіл өзенінің жағалауы, сондай-ақ әуежай тасжолында жұмыс қызуда. Шағын суқоймалары мен ашық стансалар маңындағы масалармен күрес жұмысына 5 бригада, 50 дезинфектор, 2 биолог, т.б. мамандар жұмылдырылған. 

Бекболат Талғарбеков, дезинсекция жөніндегі компания директорының орынбасары:

- Біз масаларға қарсы үшінші сұрыпты истицидті қолданып жатырмыз. Олар қауіптілік деңгейіне қарай жіктеледі. Яғни қалада тек қана осы сұрыпты пайдаланамыз. Ал екінші сұрыптағы өнім денсаулыққа қауіпті. Дәл осындай жұмыстар Байқоңыр ауданында да жалғасатын болады.

Хабар 24 телеарнасы