379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да 60 адамды кене шақты

  • 112
  • UPD: 15:33, 10.05.2019

Өскемендегі қоқысты қайта өңдеу цехынан өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қызыл жалын 280 шаршы метр жерді шарпыды. Ғимараттың шатыры да тұтастай отқа оранған. Оқиға орына үш бірдей өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері дереу жетіп, жалынды ауыздықтауға кіріскен. Шұғыл әрекет етудің арқасында қауіп бірден сейіліп, өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір келтірілген шығын көлемі мен өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Абайлаңыз, ұры!

Түркістан облысының Ордабасы ауданында үй тонаумен айналысып келген қылмыстық топ ұсталды. Күдіктілерге 40-тан астам ұрлыққа қатысы бар деген айып тағылып отыр. Олар жәбірленушілерге бірнеше миллион теңге көлемінде шығын келтірген. Аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Онда жәбірленуші үйіне белгісіз адамдар ұрлыққа түсіп, ұялы телефоны мен ақшасын және бағалы заттарын ұрлап кеткенін айтқан. Ұсталған қылмыстық топтың осы ұрлыққа да қатысы бар екені анықталып отыр. Күдіктілер жедел-іздестіру шаралары барысында қолға түсті. Олардың екеуі бұрын сотты болғандар. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

60 адамды кене шақты

Солтүстік Қазақстан облысында 60 адамды кене шақты. Оның 24-і бала. Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті қызметкерлерінің хабарлауынша, қан сорғыштардың көбеюіне көктемнің ерте шығуы мен күннің күрт жылынуы себеп болған. Сондықтан мамандар жергілікті тұрғындарға ескерту жасайды. Әсіресе табиғат аясына шығып демалатын адамдарды мұқият болуға шақырады. Егер кене шақса, бірден дәрігерге қаралған жөн. Өйткені зиянкес жәндіктер жұқпалы ауруларды тасымалдаушы болып саналады.

Хабар 24 телеарнасы