378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да ардагерлер назардан тыс қалмайды

  • 57
  • UPD: 15:32, 10.05.2019
БҚО-да ардагерлер назардан тыс қалмайды

Батыс Қазақстан облысында Жеңістің 74-ші көктемін 83 майдангер қария қарсы алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жеңіс күнін жақындатқан жандар мемлекет назарынан тыс қалмайды. Қарияларды қаржылай көмектен бөлек баспанамен қамтуға да көңіл бөлінеді. Мәселен, Қаратөбе ауданындағы көзі тірі жалғыз майдангер Құрманғали Исқақовтың жасы 95-те. Соғыстың алдыңғы шебінде болған ол бірнеше жерден аса ауыр жараланған. Дегенмен өмірге құштар қарияға тағдыр бейбіт заманды көруді жазыпты. Отан үшін от кешкен ардагер аяғына тұрғаннан кейін елдегі шаруашылықты қалпына келтіруге атсалысты. Ерен еңбек ескерусіз қалмай, ардагерге аудан орталығынан су жаңа баспана берілді. Жыл сайын жеңіс күні жан-жақтан жиналатын 10 перзенті де қарияны құттықтауға асығады. 

Қуандық Исқақов, Қаратөбе ауылының тұрғыны:

- 3 күн жатқан жарақатымен үшінші күні өлді-ау деп көмгелі жатқанда бұл кісінің көзі кішкене ашылып қалған екен. Сол кезде санитарлар бұл кісіні алып кетіп, емдеген. 1946 жылы Польшадан келді. Мынау жаңа үй, былтыр берді.

Ділдаш Ысқақова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

- 83 Ұлы Отан соғысының ардагеріне осы 9 мамыр мерекесіне орай 300 мың теңгеден бір жолғы материалдық көмектер және оларға теңестірілген санаттағыларға жергілікті өкілетті органдардың шешімімен бекітілген көлемде 1 жолғы материалдық көмектер төленді.

Хабар 24 телеарнасы