379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендік құтқарушылар ардагерге тосын сый жасады

  • 98
  • UPD: 15:31, 10.05.2019

Биіктіктен ұсынылған гүл шоғы.

Өскемендік төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тыл ардагері Мария Никинаға тосын сый жасады. Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Құтқарушылар бұл автобаспалдақ көтергішін алғаш рет өз мақсатында емес,  ардагерге қуанышты сәт сыйлау үшін әзірлеп жатыр. Осы арқылы қарияның көңілін бір көтеріп тастамақ.

Ал 90-нан асқан жасына қарамастан әрленіп, құлпырып жүргенді жөн санайтын Мария Никина болса бұл кезде салтанатты формасын киіп, қонақтарды қарсы алуға әзірленіп алды.

Арман Наурызбаев, қалалық №2 өрт сөндіру бөлімінің басшысы:

- 9 мамыр бізге маңызды мейрам, біз сол күнге қарсы ерекше  құттықтағымыз келді, басқа мерекелерде де ұмытпауға тырысамыз, көмектесеміз, келіп тұрамыз, қалдарын біліп тұрамыз.

Құтқарушылар Мария әжейдің соғыс жылдарындағы өмір жолынан хабардар. Сондықтан оның қажырлығы мен қайсарлығын үлгі тұтады. Ардагер бар болғаны 12 жасында балық консервілеу зауытында жұмыс істеп, 15 жасында соғыс алаңына сұралыпты.

Мария Никина, тыл ардагері:

- Мені ол жаққа жібермей қойды, сен тылға керексің деп алып қалды. Өйткені зауытта барлық жұмыс балалар мен әйелдердің мойнына жүктелген еді. Еңбегімізді жеңіске арнадық. Жұмысқа таң атысымен келіп, түн жарымынада әрең қайтатын едік.

Ардагер өзіне ерекше құрмет көрсеткен құтқарушыларға алғысын жеткізіп, бейбіт болашақ тіледі. Өйткені ол үшін бүгінгі ұрпақтың бейбітшілік туын берік ұстағаны бәрінен де маңызды.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы