378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдық майдангер 105 жасқа толды

  • 120
  • UPD: 15:30, 10.05.2019

Оралдағы 5517 әскери бөлімінің қызметкерлері ҰОС ардагерін ерекше жағдайда құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлттық ұлан ардагері Семен Данилин биыл 105 жасқа толып отыр. Бөлім қызметкерлері бүгінде жүріс-тұрысы қиындаған қарияның үйінің ауласына келіп, әскери оркестрдің сүйемелдеуімен соғыс кезіндегі әндерді шырқады. Қарияның көңілін көтеруге сардарлардың балаларынан құралған хор ұжымы да атсалысты. Жорық жолын Днепропетровскідегі минометшілер полкінің құрамында бастаған Семен Данилин кейін Сталинград майданына қатысты. Курск иінінде болған сұрапыл шайқастың алдыңғы шебінде болды. Украина мен Польшаны азат етуге де атсалысты, ал жеңісті Берлинде қарсы алды. 

Бақытжан Бердиев, ҚР Ұлттық ұланы Батыс өңірлік қолбасшылығы ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Біздің ардагерлер кеңесінде ең үлкен ардагеріміз осы Семен Акимович ақсақалымыз болады. Және де біз бүгін басымызды иіп, ардагерлерге тағзым етеміз, үлкен алғысымызды айтамыз.

Хабар 24 телеарнасы