389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда батырлық сабағы өтті

  • 420
  • UPD: 15:29, 10.05.2019
Қарағандыда батырлық сабағы өтті

Қарағандыдағы бейнелеу өнері музейінде Жеңіс күніне орай батырлық сабағы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жастарға осы өлкеден майданға аттанып, ерлікпен қаза тапқан Нұркен Әбдіров, Мартбек Мамыраев жайлы жан-жақты ақпарат берілді. «Мақсатымыз – өскелең буынды отансүйгіштікке тәрбиелеу», – дейді ұйымдастырушылар. Небәрі 23 жасында майдан даласында шейіт болған Кеңес Одағының батыры Нұркен Әбдіров соғыста ұшақпен 16 рет шабуыл жасаған. Жаудың 20-дан астам көлігі мен бірнеше танкін жойғанын әулеттің жалғыз ұрпағы Әбубәкір Сәрсенұлы мақтан тұтады. Соңғы рет 1942 жылы ұшағының моторына оқ тигенде, парашютпен секірудің орнына, техникасын неміс танкілерінің үстіне құлатқаны да тарихтан белгілі. Ақсақал немере ағасына еліктеп, әскери қызметті таңдаған. Қазір ұлдары да осы салада екен.    

Әбубәкір Әбдіров, Нұркен Әбдіровтің немере інісі:

- Ерекше өскен бала, білімге тартылатын. Бір оқуға, екінші оқуға түсті. Аэроплотқа өзі түсіп алды. Ол уақытта қазақтың балалары ол жақтан алыс болатын. Бала кезімнен Нұркен ағам деп, өзімнің тәрбиеме жақсы болды.

Хабар 24 телеарнасы