378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сәуір айынан бері елордада 20-дан астам дала өрті тіркелген

  • 99
  • UPD: 16:42, 10.05.2019
Сәуір айынан бері елордада 20-дан астам дала өрті тіркелген videoblocks.com

Биыл сәуір айынан бері елордада 20-дан астам дала өрті тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бұл былтырға қарағанда екі есе көп», – дейді мамандар. Күннің күрт жылынуы дала өртінің артуына себеп болған. Әсіресе, табиғат аясында демалушылардың салғырттығы да тілсіз жаумен күресті қиындатады. Темекі тұқылы немесе жерде жатқан шыны қалдықтарының күнге шағылысуы құрғақ шөптің тез тұтануына алып келеді. Осы ретте Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері мен орманшылар бірлесіп, өрттің алдын алу шараларын жүргізді. Жаз маусымы басталысымен орманшылар күнделікті кезекшілікке шығады. Мобильді топтар шағын мұнаралардан орман алқабын күні-түні бақылайды. Айта кетейік, елорда маңайын қоршаған «Жасыл белдеудің» аумағы 14 мың гектардан асады.

Ардақ Хасенов, «Астана орманы» ЖШС бас агрономы:

– Жыл сайын сегізінші сәуірден отызыншы қазанға дейін бізде тәулік бойы кезекшілік жасалады. Оны алты бағыт бойынша жасаймыз. Мысалы, Астрахан, Павлодар, Қарағанды бағыты, әуежай, Қарқаралы және Қоржалжың бағыты бойынша. Мұнда 40 орманшы жұмылдырылған. Олар күндіз-түні тыным таппай жұмыс істеп, орманды қорғайды.

Хабар 24 телеарнасы