389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда қазақ батырларына арналған фотокөрме ашылды

  • 592
  • UPD: 16:49, 10.05.2019
Германияда қазақ батырларына арналған фотокөрме ашылды

Берлинде Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақстандық батырларға арналған фотокөрме ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараны Германиядағы Қазақстан елшілігі ұйымдастырды. Жұрт назарына Рейхстагтың қақмаңдайына алғашқы Жеңіс туын тіккен әйгілі Рақымжан Қошқарбаев суреті ұсынылды. Знаменка және Кировоград қалаларын құтқару кезінде әуе шабуылында 4 бірдей жау ұшағын құлатқан ұшқыш Талғат Бигелдинов пен қазақтың қос батыр қызы – қас мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметовалардың да суреттері қойылды. Фотокөрме 15 мамырға дейін жұмыс істейді.

Сайра Разбекова, көрме қонағы:

– Батырларымыз жеңіс жолында жандарын пида етті. Біз жас ұрпаққа насихатта отыруымыз керек, бейбітшілік заманда өмір сүріп жатқанымыз осы кісілердің арқасында.

Хабар 24 телеарнасы