379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бельгияда соғыс қаһармандарына тағзым етілді

  • 122
  • UPD: 22:28, 10.05.2019

Брюссельде Екінші дүниежүзілік соғыста қаза болған жауынгерлерді еске алу шарасы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көптеген мемлекет дипломаттары мен орыс шіркеуінің өкілдері Бельгияны азат ету үшін күрескен Қарсыласу қозғалысына мүше Кеңес одағының жауынгерлері мен Бельгия азаматтарының құрметіне орнатылған ескерткіштерге гүл шоқтарын қойды. Қазақстан атынан бұл шараға Бельгиядағы елшіміз Айгүл Құспан және НАТО ұйымында жұмыс істейтін қорғаныс министрлігінің өкілдері қатысты. Бельгияны азат ету жолында қаза болғандар Эвер коммунасының зиратында жерленген. Осыдан 20 жыл бұрын мұнда Кеңес одағының жауынгерлеріне ескерткіш орнатылған болатын.

Айгүл Құспан, Қазақстанның Бельгиядағы төтенше және өкілетті елшісі:

– Бұл мерекенің мағынасы өте зор. Елшілік атынан соғысқа қатысқан ардагерлерге зор денсаулық тілегім келеді. Еліміз аман болсын, бейбітшілігіміз, егемендігіміз баянды болсын.  

Стефан Ванвинкенруа, Бельгия ардагерлер одағының президенті:

– Біз батырларды еске алу дәстүрімізді жалғастыруымыз керек. Мұнда ту ұстайтындардан гөрі байрақтар саны көп екенін көріп тұрсыз. Өзімнің жасым сексен екіде, мүгедекпін, бірақ мен үшін ең бастысы – осында болып, тағзым ету. Бүгін кеңес партизандарының ескерткішіне келіп, бейбітшілік үшін шайқасқандарға құрметін білдірген бүкіл халыққа ризамын.

Хабар 24 телеарнасы