389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да жел күшейіп, найзағай ойнайды

  • 478
  • UPD: 17:45, 10.05.2019
БҚО-да жел күшейіп, найзағай ойнайды Vesti.Ru

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша 11 мамыр күні облыстың кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады.

«Қазіргі кезде төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында тұрғындарға СМС хабарламалар жіберілуде. Сондай-ақ өмірлік маңызы зор нысандардың қалыпты қызметін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар алынуда. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, күш-құралдар дайындыққа келтірілді», - делінген хабарламада.

Соңғы күндері өңірде күн ысып тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да ауа райына байланысты ескерту жарияланған болатын.

Хабар 24 телеарнасы