378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды

  • 244
Түркістан облысында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды

Түркістан облысының Келес ауданында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі қабатты жаңа нысан Абай ауылында пайдалануға берілді. «Орталықты ашудағы негізгі мақсат – халыққа сапалы қызмет көрсету және кәсіпкерлікті дамыту», – дейді мамандар. Ғимаратқа әлеуметтік маңызы бар төрт мекеме жайғасады. Олар аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, ұлттық кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалы және Түркістан кәсіпкерлерге қызмет көрсету филиалының аудандық бөлімі. Ауыл шаруашылығын қолдау қоры мен шағын қаржылық ұйымдар да осында қоныстанады. «Бір терезе» қағидасы бойынша халыққа қызмет көрсететін орталықта 32 маман жұмыс істейді.

Айнұр Муталиева, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы аудандық филиалының бөлім басшысы:

– Кәсіпкерлер тарапынан ұсыныс өте көп. Жоспар жасап жатырмыз. Бірінші аудандағы 12 ауылды аралап, халыққа осы қызмет түрін таныстыру. Қазіргі таңда кәсіпкерлер тарапынан оқыту өте көп сұранысқа ие және қаржы ұйымдарынан несие алу. Несиенің көбі көлік жөндеу орнын, тігін цехын, шаштараз ашуға ұсыныс түсіп жатыр. Түркістан кәсіпкерлік орталығы жұмыспен қамту орталығы арқылы жаңадан бітірген мамандарды 6 ай тәжірибеден өткізу бойынша жұмыс істейін деп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы