384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төлене бастады

  • 487
  • UPD: 08:42, 11.05.2019

Батыс Қазақстан облысындағы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төлене бастады. Бұл жәрдемақының сәуір айынан бастап 3 есе көбейгені белгілі.

Ол үшін өңірге 4 миллиард теңге бөлініп, оның төрттен бір бөлігі иегерілген. Яғни 6 мың 580 отбасы жәрдемақы алған. Жалпы мемлекеттік қолдауға 35 мыңға жуық батысқазақстандық ие болса, оның 20 мыңнан астамы бала екен.

Данагүл мен Мәдина ата-анасының мақтанышы. Оқуда озат, өнерден де кенде емес. Шетел тілдерін меңгеріп жүр. Ал үй шаруасына келгенде анасына қолғабыс етуден аянып қалмайды.

Данагүл Марат, қызы:

- Маманың қолы тимей жатқанда балаларды алып, үй жинасуға жәнеде басқа заттарға көмектесеміз. Әртүрлі торттар пісірем, кекстар және де басқа заттарды, самса, соларды пісіремін. Үйге қонақтар келгенде торт алмаймыз.

Мәдина Марат, қызы:

- Мен анамды өте қатты жақсы көремін, сыйлаймын, құрметтеймін. Ол туралы көптеген шығармаларда, өлендерде, әндерде жаттап көрдім де, жазып көргенде. Оның ішінде анама ең қатты ұнаған өлеңі менің шығарылған «Анашым» деген өлең. Анашым нұрың шашқан шуақсың. Табиғи жұпардай гүлбақытың…

Мектеп психологы Айнұр Біралиева балаларынан барын аямайтын жан. Ол жұбайымен бірге 6 бала тәрбиелеп отыр.  Жас батыр ана осыдан бір жарым жыл бұрын егіз босанған. Дегенмен балаларын қосымша үйірмелерге қатыстыру үшін қаражат жетпей қалады екен. 

Айнұр Біралиева, көп балалы ана:

- Балаларым негізгі оқуғада, білімге де, өнерге де өте құштар. Кейбір уақыттарда күшіміз жетпей жатады. Қазыр ағылшынша курстары барлығы анықталды, би. Сол жағынан қиналамыз. Бірақ менің балаларым түсіністікпен қарайды әрдайым. Репетитор десе қызым айтады ғо, репетитордың қажеті жоқ мама, мен өзім ағылшын тілін үйренем деп. Солай. Өте алғыр.

Жуырда отбасына жаңа форматтағы алғашқы жәрдемақы төленді.  Оларға берілген қаражат 150 мың теңгеден асып жығылады. Бұл отбасы пәтер жалдап отыр және тек отағасы ғана табыс табады.

Айнұр Біралиева, көп балалы ана:

 - енді 1 сәуірден бастап іліністер деды. Екі егіз кішкентай ғой әлі. Жас жарымда текқана. Балбақшаға да әлі ертерек. Сондықтан мен баа кұтымыне байланысты әлі отыруға тұра келеды үш жасқа дейн. Жолдасым жұмыста. Мен ойлайм ол үлкен қолдау деп ұкымет тарапынан.

Мұндай қолдауға өңірдегі 6 мың 580 отбасы қол жеткізді. Жалпы сомасы 910 миллион теңгені құрады.

Алтай Құлқаев, облыстық жұмыспен қамтуды ұйымдастыру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:

- Қазіргі проблема жоқ. Бурын жұмыспен қамту орталықтарында сұрақтар көп болды. Болды кезек. Қазыр қазірдің өзінде жоқ. Жалғыз бір жеке күәлігемен келеді, неесе қосымша ақпарат керек болса басқа мемлекет органдарынан өздеріңіз сұраймыз, біздің мамандар сұратады.

Атаулы әлеуметтік көмектен бөлек, көпбалалы отбасылардың тұрғын үй мәселесін де шешу басты назарға алынған. Жыл басынан бері Оралда 30 отбасына жаңа пәтерді кілті табысталған болатын. 

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Әсел Русалиева

Хабар 24 телеарнасы