378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Киевте ескі көліктер көрмесі өтті

  • 99
  • UPD: 23:17, 12.05.2019
Киевте ескі көліктер көрмесі өтті

Old Car Land көне көліктердің көрмесі осымен оныншы рет Киев қаласында ұйымдастырылды.

Ретро техниканы тамашалауға 50 мыңға жуық адам келген. Ретро көрме сондай-ақ  Украинадағы рекордты жаңартты.

Наталия Школьная Old Car Land  көрмесіне отбасымен келген. Көненің көзіндей болған ретромашиналар төрт жасар ұлыма ғана емес, алпысты алқымдаған атама да қызық дейді. Биыл ретрокөрмеге 2 мыңнан астам адам келген. Сұраныс болғасын ба, келіп көрушілер мен көне көліктердің де саны жылдан жылға өсіп келеді. Биыл Old Car Land  14 шақырым аумақты алып жатқан авиация музейінде өткізіліп жатыр.

Наталия Школьная, Old Car Land көрмесіне қатысушы:

- Бұл шараға бірінші рет қатысып тұрған жоқпыз. Бес жыл бұрын да отбасымызбен келіп көргенбіз. Әрине биыл, көрменің өтіп жатқан аумағы ұлғайған, көліктер де көп. Қарасаң көз тоймайтындай әдемі машиналар қойылыпты.

Бұл алаңнан 1908 жылы, яғни осыдан 111 жыл бұрын миллион данамен шығарылған алғашқы америкалық автокөлік -  Ford Model T, 1924 жылғы Buick, 56-жылғы ГАЗ М-1 мен шағын ғана ЗИС-110 көлігін көруге болады. Қысқасы, ескі дәуірдің техникалары толып тұр. Сол себепті, биыл Old Car Land - Украинадағы рекордты да жаңартып отыр. 

Лана Ветрова, Украина ұлттық рекордтар реестрі жобасының жетекшісі:

- Біз көрме енді ашылғанда 239 көне көлікті тіркедік. Демек, бір локацияда ең көне және көп көлік шоғырланған деген рекорд жаңартылды. Жүз жыл бұрынғы ескі машиналардың жағдайы әрине қуантады, рекорд қабылданар алдында біз әр көліктің қозғалтқышын, құжаттарын тексердік. Талап бойынша, көліктің қозғалтқышы ауыспаған әрі тюнингтелмеген болуы тиіс.

Вадим Навроцький, Old Car Land көрмесін ұйымдастырушы:

- Кеңес кезіндегі Украина компартиясының басшысы, Брежневтің досы, әйгілі Щербицскийдің көлігі де бар мұнда. Зил-115. Бұл тарих, ал тарихқа құрметпен қарап, оны жаңарту, жариялау, жарналамау – көрменің ең негізгі мақсаты.

Көрмеге жеңіл көлік қана емес, көне ұшақ, мотоцикл, әскери техника мен велосипедке дейін қойылған. Биыл соның бәрін қызықтап тамашалауға 50 мың адам арнайы келіпті.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Сергей Качанов

Хабар 24 телеарнасы