379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраулық балықшылар ау тоқу өнерін қайта жаңғыртты

  • 110
  • UPD: 15:15, 11.05.2019
Атыраулық балықшылар ау тоқу өнерін қайта жаңғыртты

Қазір байырғы балықшылар оны капрон жібінен  өздері өндіріп  жатыр.

Өйткені соңғы 25 жылда балық аулаушы кооперативтердің кейбірі  қытайдың арзан  полиэтилен ауларын пайдаланып келген болатын. Өкінішке орай бір-екі рет  қана кәдеге жарайтын олар Жайық өзені мен Каспий теңізін әбден ластап бітті. Өйткені іске жарамсыз аулар көп жағдайда өзен жағалауында қалады. Ал заңсыз балық аулаушы браконьерлер қолданған ауын соңынан өзенге лақтырып кетеді. Бұл су айдындарындағы тіршілік иелерінің өмір сүруіне үлкен қауіп. Полиэтилен су түбінде шірімейді, ал оған бүкіл су жәндіктері шырмалып қалады. Осы қауіпті ескерген балықшылар бүгінде ұмытыла бастаған кәсіптің қыр-сырын жастарға үйретіп жатыр.

Нәсіпқали Ахимов,  ау тоқудан шебер:

- Үлкен балыққа үлкен көз, кішкентай балыққа кішкентай көз, мысалы6 қаракөзге мынадай 32,30,28 милиметрлік размері бар, солай тоқиды. Ұзындығы 250 метрге дейін барады, биіктігі 18-20 метрге дейін барады.

Хабар 24 телеарнасы