378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда сайлау комиссияларының мүшелері оқытылуда

  • 108
  • UPD: 23:48, 11.05.2019

Оралда алдағы саяси науқанға байланысты сайлау комиссиялары мүшелерін оқыту ісі қолға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Курстар Мемлекеттік басқару академиясының жергілікті филиалының базасында ұйымдастырылады. Мамыр айының 20-сына дейін 3 319 адам тренингтен өтуі тиіс. Олар 14 аумақтық және 519 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері.

Айта кету керек, аймақта 456 мыңдай сайлаушы бар. «Сондықтан сайлау учаскелері мүшелерінің кәсіби деңгейі ел өміріндегі ең маңызды саяси шараның сәтті өтуіне әсер етпек», – дейді сарапшылар.

Гүлмира Ташаева, қалалық № 478 сайлау учаскесінің мүшесі: 

- 9 маусымда елімізді үлкен сын күтіп тұр. Бізде барлығымыз азаматтық парызымызды орындап, елдің Президентін таңдамақпыз. Біз қалай болуымыз керек, қалай қабылдауымыз керек, қандай бағытта жұмыс істеуіміз керек. Соның барлығы айтылуда. Сол бағытта біз оқып жатырмыз, өзім бірінші рет мүше болғалы отырмын. 

Лаула Нарушева, Мемлекеттік басқару академиясы Бқо бойынша филиалының маманы:

- Қазіргі таңда 98 аумақтық сайлау комиссиясы мүшесі оқытылып өтілген. Сонымен қатар учаскелік 210 комиссия мүшесі оқытылып жатыр. Сайлау кезінде қандай өзгерістер болуы мүмкін, сол кезде өздерін қалай ұстауы керек. Біздің мамандарымыз заң бұзушылықтар болғанда өздерін қандай бағытта ұстап, қандай заңға жүгінуге болатындығын көрсеткен болатын.

Хабар 24 телеарнасы