378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда жасанды су қоймасында екі бала құтқарылды

  • 112
Оралда жасанды су қоймасында екі бала құтқарылды

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін қалаға қарасты Желаев кентіндегі жасанды су қоймасында болған.

Екі баланың су қоймасындағы аралға өз бетімен жүзіп барып, кері қайта алмай жатқаны жөнінде мәлімет сағат 16:12-де келіп түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сол бойда оқиға орнына құтқарушылар (4 адам, 1 техника және жүзу құралы) жетті. Сағат 17:00-де 2005 және 2006 жылдары туған балалар аман-есен жағаға жеткізілді.

Оралда соңғы күндері күн қатты ысып, бүгін температура тілі 34-35 градусқа дейін көтерілді. Соның әсерінен биыл суға түсу де ерте басталып кетті.

Хабар 24 телеарнасы