378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысындағы Ертіс жағалауы 1200 метрге ұзарады

  • 74
  • UPD: 08:26, 12.05.2019

Павлодар қаласының орталық жағажайындағы жаңа учаскелердің құрылысы аяқталуға жақын.

1,5 млрд теңгенің ірі инфрақұрылымдық жобасы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асырылуда. Нысан халық игілігіне жазда берілмек. Қазіргі уақытта Ақсу қаласында да жағажай құрылысы қызу жүруде.

Өзеннің жағасын бекіту, ретке келтіру – күрделі іс. Мамандардың аранайы біліктілігі болуы шарт. Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 1200 метр болатын қос учаске абаттандырылып жатыр. Жұмыс белгіленген кестеден бұрын басталды.

Айбек Шекенов, бригадир:

– Басты мақсат – әрі қарай жұмыс істей беру, қаланың көркеюіне үлесімізді қосу. Бұл біздің болашақ – балаларымыздың келіп, жүретін орындары болады. 

Мамандар алдымен гидрологиялық және геологиялық зерттеу жүргізіп, өзеннің жағасын бекітті.

Жанат Ысқақов, құрылыс учаскесінің бастығы:

– Жағалау теміржол көпірінен бастап, қала орталығына дейін созылмақ. Кеңес дәуірінде осындай нысан болмаған. Жұмыс күрделі болса да, жоспарымызды іске асырдық.

Өзен жағасында «Қаз қонақ» палеонтологиялық ескерткіш орналасқан. Бірегей табиғи нысан ашық аспан астындағы музейге айналып, туристік орынға айналмақ.

Ақмарал Есімханова, тілші:

– Орталық жағалаудың тарихын бірнеше кезеңге бөлуге болады. Өзен вокзалынан орталық жағажайға созылған бірінші учаске өткен ғасырдың ортасында бой көтерді. Екінші шағын бөлігі 90 жылдары салынды. Ал қалғаны – бүгінгі күннің еншісіндегі нысандар. Қазіргі уақытта соңғы екі учаскенің құрылысы жүргізіліп жатыр. Осылайша, орталық жағалау еліміздегі ең ұзын және ең әдемі демалыс орнына айналмақ.

Орталық жағалау металлургтер мен энергетиктер шаһарында бой көтерді. Ертісті бойлаған Ақсу қаласында шағын амфитеатр салынып, толыққанды демалыс орны пайда болды. Жобана іске асыруға 450 млн теңге бөлінді.

Елена Какаулина, Ақсу қаласының тұрғыны:

– Қаламыз құлпыра түсті. Тұрғындар атынан құрылысшыларға алғыс айтамын.

Жағалаудың жаңа учаскелерін бекітуге габионды тастың 25 мың тоннасы мен банкетті тастың 32 мың тоннасы жұмсалды. Алдағы уақытта бұл жерге шамдар, ыңғайлы орындықтар мен шағын формалар орнатылмақ. Нәтижесінде орталық жағалаудың жалпы ұзындығы 5,5 шақырымға жетпек.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Марат Игіліков және Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы