378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысындағы Сүмбе ауылының мектеп түлектері ойын алаңын тарту етті

  • 66
Алматы облысындағы Сүмбе ауылының мектеп түлектері ойын алаңын тарту етті

Жақын күндері Райымбек ауданындағы Сүмбе ауылында балаларға арналған ойын алаңы пайдалануға беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай игі іске ауылдың 1983 жылы дүниеге келген азаматтары ұйытқы болды. Сыныптастар ерте көктемнен қаражат жинап, әткеншек пен сырғанақтың бірнеше түрін сатып әкелген. Қазір оларды орнатып, қоршауын жасап жатыр. 25 мамырда мектеп түлектерінің кездесу кезінде салтанатты түрде ашып, жерлестеріне тарту етеді. Осылайша, тай құлындай тебісіп қатар өскен құрдастар «Туған жерге туыңды тік» акциясына өз үлесін қоспақ.

Жеңіс Қозыбақов, Сүмбе ауылдық округінің әкімі:

– Кәсіпкер ағамыз 5 млн теңгеге ауыл қақпасын жасап берді. Одан өзге 1996 жылғы мектеп түлектері жарықшамдарды сырлауды жалғастырып жатыр. Ауыл жастарының көптеген жоспары бар. Алдағы уақытта ашатын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы