379.46 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Құрамында 20 ғалымы бар халықаралық экспедиция Аралға аттанды

  • 178
  • UPD: 13:55, 12.05.2019

Құрамына 20 ғалым енген топ Аралға аттанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жол талғамайтын 5 көлікке мінген оқымыстылар 2 апта ішінде 4 мыңнан астам шақырымды еңсеруі тиіс. Арал теңізіне баратын халықаралық экспедицияда америкалық және венгриялық мамандар бар. «Qazaq Geography» республикалық қоғамдық бірлестігі мен Назарбаев Университеті мұрындық болған ғылыми жоба биыл сәл өзгеше, дейді ұйымдастырушылар. Ғалымдар су түбіндегі топырақ пен тіршілік иелерінің сынамаларын алып, құрамын зерттеу арқылы көлдің қазіргі жағдайын анықтайды. Сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Қарағанды облыстарының аумақтарын қамтитын туристік бағытты дамыту жоспары да пысықталады. Айта кетейік, экспедиция 2016 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы күнге дейін, гидробиолог ғалымдар судың ластығы, қышқылдығы, тұз бен фосфор деңгейі туралы деректер жинап, фото мен бейнематериалдар қорын толықтырды.

Нұржан Алдашов, «Qazaq Geography» РҚБ ғылыми-экспедициялық департаментінің директоры:

– «Qazaq Geography» қоғамымен Назарбаев Университеті бірлесіп жасап жатыр. Негізгі мақсаты – Арал теңізінің суын зерттеу. Оның қаншалықты биологиялық жағынан, химия жағынан өзгертулер болып жатқанын зерттеу. Екіншіден, туристік маршруттарды ойластыру.

Хабар 24 телеарнасы