379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда студенттер бөтелке қақпағын қайта өңдеуге тапсырып жүр

  • 120
  • UPD: 19:33, 12.05.2019

Қарағандылық студенттер бөтелке қақпақтарын жинап, оны қайта өңдеу зауытына тапсыру ісін қолға алды.

Бұл «Жастар альянсы» қоғамдық бірлестігі мен қауіпті өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдеу зауытының бірлескен экологиялық жобасы. Кәсіпорын қабылданған пластикалық қалдық үшін жастарға ақы төлейді. Ал олар өз кезегінде жиналған қаржыны қайырымдылық жобаларға бағыттап отыр. Студенттер қолға алған істі ілгерлету үшін қаладағы жоғарғы оқу орындарының бірінде қақпақтарды қабылдайтын арнайы контернейлер де орнатып қойған екен.

Темірлан Кәкенов,  Қарағанды экономикалық университетінің студенті:

- Жиналған қаржыны біз қайырымдылық қорларының есеп-шотына жібереміз немесе азық-түлік сатып алып, мұқтаж жандарға береміз. Пластик қақпақтарды кәдеге жаратуға болатынын білгеннен кейін жоспарлы түрде жинай бастадық. Мекемелерде қақпақ жинауға арналған кішігірім контейлер орнатуға болады. Бұл үлкен істің бастамасы болар еді.

Хабар 24 телеарнасы