378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда жаңа шіркеудің іргетасы қаланды

  • 151
  • UPD: 22:34, 12.05.2019

Елордада жаңа ғибадатхана құрылысының іргетасы қаланды.

Шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев пен елдегі православ шіркеуінің басшысы Астанайлық және қазақстандық митрополит Александр қатысты. Сонымен қатар Грекия, Сербия сынды шалғай шет мемлекеттерден де дін өкілдері келді. Православ дәстүріне сай тарихи сәттің куәгерлері мен діндарлар дұға қылды. Сондай-ақ келушілер жаңа шіркеу құрылысы туралы ұсынысқа бастан қолдау білдірген Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыстарын жаудырды. Айта кетейік, ғибадатхана Нұр-Сұлтан қаласының Сығанақ көшесі бойында «Жасыл квартал» тұрғын үй кешені ауданында бой көтереді. 

Александр, Астанайлық және қазақстандық митрополит:

- Мешіт пен ғибадатханалар салу елордамыздың көркіне көрік қоссын деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысымды білдіремін. Өзі айтқандай, ислам мен христиан діндері көк аспанымызда қалықтаған бейбітшілік құсының қос қанаты іспетті. Жақсы адамдардың қолдауымен шіркеу құрылысы алдағы 3 жылдың ішінде аяқталуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы