384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада №33 автобустың бағыты өзгереді

  • 356
  • UPD: 10:50, 13.05.2019
Елордада №33 автобустың бағыты өзгереді

Нұр-Сұлтанда №33 бағдардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Бүгін, 13 мамыр күні сағат 10:00-ден жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №33 бағдардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. Қоғамдық көлік қозғалысы Ш.Бейсекова көшесінде 2019 жылдың 1 маусымына дейін тоқтатылады», - делінген Астана ЛРТ хабарламасында.

№33 бағдар бастапқы «Сарайшық ТҮК» аялдамасынан бастап Ш.Бейсекова - Конституция көшесіне дейін өзгеріссіз, одан әрі К.Байсейітова көшесінен солға, одан әрі «Агрогородок» соңғы аялдамасына дейін қатынайды.

Кері бағытта ұқсас сызба бойынша жүреді.

Хабар 24 телеарнасы