378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алакөлге қосымша екі пойыз қатынайтын болды

  • 69
  • UPD: 13:15, 13.05.2019
Алакөлге қосымша екі пойыз қатынайтын болды kaztag.info

Жаз айларында қосымша пойыздар қатынайтын болады.

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалына» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Атап айтсақ:

- «Алматы-Орал» бағытындағы бір реттік пойыз Алматы қаласынан 25 мамыр күні, ал кері бағытта - Орал қаласынан 28 мамыр күні жолға шығады.

Сонымен қатар «Қала маңы тасымалы» АҚ-ы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен біріге отырып, жаз айларында Алакөл демалыс орнына қатынайтын қосымша екі пойызды іске қосады. Олар:

- №457/458 «Семей-Достық» бағытындағы пойыз. 1 маусымнан бастап тамыздың 31-іне дейін күн ара жүреді. Жолдағы жүру уақыты 17 сағат 13 минут.

- №459/460 «Өскемен-1 - Достық» бағытындағы пойыз. 1 маусымнан бастап 31 тамызға дейін күн ара жүреді. Жолдағы жүру уақыты 18 сағат 57 минут.

Хабар 24 телеарнасы