378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда алдағы үш тәулікте күн күрт суытады

  • 127
  • UPD: 13:21, 13.05.2019
Қазақстанда алдағы үш тәулікте күн күрт суытады Depositphotos

Қазақстанда жылы жаздық ауа райынан кейін суытады.

Бұл Солтүстік Оралдан жылжитын суық арктикалық фронттармен байланысты болады. Алдағы үш тәулікте еліміздің солтүстік облыстарында, күндіз орталықта жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ болуы ықтимал және ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі. Шамамен 30 градустық ыстықтан кейін күндізгі ауа температурасы 17-22 градусқа дейін төмендеуі күтіледі, қиыр солтүстікте 8-13 градус жылыға дейін төмендейді. Ал республиканың шығысында алдағы түнде жаңбырдың жабысқақ қарға ұласып, 0-5 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. Қазақстанның қалған аймақтарында найзағаймен бірге өткінші жаңбыр болуы және ауа температурасы сәл төмендейді деп күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы