379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында күніне 1,5 мыңнан астам адамға ауызашар беріледі

  • 169
  • UPD: 15:25, 13.05.2019
Ақмола облысында күніне 1,5 мыңнан астам адамға ауызашар беріледі

Мұндай қайырымды іс Рамазан айы басталғалы бері жасалып келеді. Мәселен, бір ғана облыстық «Науан Хазірет» мешітінің өзінде күн сайын 400-ге жуық адам ауыз ашады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал елорда іргесіндегі ірі елді мекендер мен аудандардың әрбір мешіттерінде күніге кемінде 100-150 адамға дастархан жайылады. Имамдардың айтуынша, ораза ұстаушылардың қатары жыл санап көбейіп келеді. Әсіресе жастардың көптігі қуантады. Ауызашар беру секілді қайырымды істерге кәсіпкерлер де атсалысып жатыр.

Қуаныш Сәбит, ҚМДБ-ның Ақмола облысы бойынша өкіл имамы:

- Бұл жерде белсенділік танытып жатқан біздің Көкшетау қаласының кәсіпкерлері. Осы Көкшетау қаласының кәсіпкерлері әрқайсысы бір-бір күннен алып, біздің орталық «Науан Хазірет» мешітінде ауызашар беріп жатыр. Енді асханалары жоқ мешіттерде мешіттің аулаларына киіз үйлер құрылып, сол киіз үйлерде немесе мешіт маңындағы дәмханаларда барлық мешіттерде ауызашар беріліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы