379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік кәсіпкер баспанаға мұқтаж 15 отбасына көмек көрсетті

  • 119
  • UPD: 15:39, 13.05.2019

Ол сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйлердің бастапқы жарнасын төлеп берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайырымдылық мақсатқа іскер азамат 20 млн теңге бөлген. Пәтерлер «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында және Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы табыс етілмек. Қазір үміткерлердің құжаттары рәсімделіп жатыр.

Айта кетейік, ақтөбелік кәсіпкерлер балалар үйінде тәрбиелеген жастарға арнайы есепшот ашып, ай сайын ақша аударып отырады.

Алтынай Мұханова, қайырымдылық қорының өкілі:

- Комиссия мүшелері 15 отбасын таңдап алдық. Енді олар бізге қажетті құжаттары мен есепшоттарын толық тапсыруы керек. Содан кейін ғана баспананың алғашқы жарнасына қаржы аударамыз. Жалпы, кәсіпкер бөлген ақшаның жартысы қазір осы мақсатқа жұмсалды. Алда тағы өтініштер қабылдаймыз.

Хабар 24 телеарнасы