389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 585 жоба жүзеге асырылмақ

  • 818
Алматы облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 585 жоба жүзеге асырылмақ

Алматы облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 585 жоба жүзеге асырылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның 94-і аса маңызды деген шаралар тізімінде. Олардың қатарында иллюстраторлар мен аниматорлар фестивалі бар. Видео ойын жасаушылар мен деректі және көркем фильм түсірушілер байқауы ұйымдастырылады. Сонымен қатар тарихи оқиғаларды голлограмалық инсталляция арқылы сахналау да қарастырылып отыр. Одан бөлек, бірнеше ғылыми экспедиция өткізіледі.

Дана Дүйсенова, облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің директоры:

– Бұл экспедициялар Ресей, Моңғолия, Араб, Парсы елдеріне жоспарлануда. Сонымен қатар маусым айында «Ұлы дала мәңгілік Манас мирасы» тақырыбында қазақ-қырғыз форумы жоспарлануда.

Хабар 24 телеарнасы